«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі»
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда 27 қыркүйек күні «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Көксу аудандық білім бөлімінің әдіскері Каримбаева Гульнар Султановна, мектеп-гимназия әкімшілігі,ментор С.А.Нүсіпжанов,педагог-психолог М.Майкенова,медбике З.Жакешова, 1-11-сыныптардың ата-аналар кеңесінің төрағалары қатысты. Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мәселелері қаралды.